Кең тараған жәндік. Оның дернәсілі ауыл шаруашылығының зиянкестері.
Жер астында тіршілік ететін денесі шағын сүтқоректі, оның алдыңғы аяқтары күрек тәрізді аяқтарға өзгерген.
Тұщы су қосжақтаулы ұлуларының сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түрі
Топырақта өмір сүретін жауын құрты арқылы сақиналы құрттардың құрылысымен танысамыз.
Ең көне ұлпалы теңіз хайуаны - еркін жүзетін күйдіргіштерге жататын медузалар.
Суда тіршілік ететін ең көне жануарлар тобы. Олардың денесі ассиметриялы және ұлпалары жоқ.
Тұщы суда өмір сүретін бір жасушалы гетеротрофты ағза, пішіні үнемі өзгеріп отырады.
Бұл анимация жалпы қосмекенділердің анатомиясын жасыл бақа түрінің мысалында көрсетеді.
Бұл анимация атбас талшынның жыл мезгілдерінде қалай өзгеретінін көрсетеді.
Хлорофилл-өсімдіктерде кездесетін жарыққа сезімтал жасыл пигмент; ол жарық энергиясын сіңіреді, осылайша фотосинтезде маңызды рөл атқарады.
Құмырсқаның илеуінде ханшайымы, еркегі және жұмысшылары болады.
Нағыз жемістердің жемісқабы жеміс жапырақшасынан дамиды, ал жалған жемістердің жемісқабы гүлдердің басқа бөліктерінен дамиды.
Ауырсыну рефлексі жүйке тіндерінің зақымдануынан белгі береді, ол - дененің тітіркену көзінен алыстауын қамтамасыз ететін жұлындағы рефлекс.
Бор дәуірінің динозавры; оны ерекше жағасына және үш мүйізіне қарап бірден тануға болады.
Тістердің құрылымы сүт қоректілердің қоректену ерекшеліктерін көрсетеді.
Көне бауырымен жорғалаушы, оның арқасындағы пластиналар жануардың денесіндегі жылу оқшаулауды жүзеге асырған.
Жойылып кеткен сыртқы қаңқасы қатты басаяқтылар. Тасқа айналған қалдықтары табылған.
Көп белгілеріне қарағанда бауырымен жорғалаушыларға ұқсайтын сүтқоректі: жұмыртқа салады, клоакасы бар.
Өрмекшітәрізділер мен шаянтәрізділердің арғы тектері Трилобиттер класына жататын.
Шеміршекті балықтар сыныбы, олардың белгілі өкілдері ақ акула және алып балға-акула.
Филогенетикалық даму барысында көру органы күрделі эволюциядан өтіп, әр түрлі көру мүшелері пайда болды.
Ұшатын бауырымен жорғалаушы, құсқа ұқсайды, бірақ олардың арасында эволюциялық байланыс жоқ.
Жақыннан және алыстан көру бұзылыстарын түзету үшін ойыс және дөңес линзалар қолданылады.